
024 жылғы 28 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Директорлар кеңесінің шешімімен (№04/24 Хаттама) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттык университеті КеАҚ-ның тұрақты даму саласындағы саясаты бекітілді. Құжат қазіргі ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) талаптары мен қағидаттарын ескере отырып әзірленді және университеттің тұрақты болашақты қалыптастыруға ұмтылысын көрсетеді.
Саясаттың негізіне алынған қағидаттар:
- Экологиялық жауапкершілік
- Әлеуметтік нәтижелілік
- Экономикалық тиімділік
Университет қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, экологиялық таза, энергия мен суды үнемдейтін технологияларды енгізуге, жоғары әлеуметтік стандарттарды ұстануға және тұрақты экономикалық өсімге жағдай жасауға міндеттеме алады.
Іске асыру құралдары
Саясатты іске асыру үшін келесі негізгі құжаттар әзірленді:
- «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ тұрақты даму саласындағы саясатын іске асыру жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары — ESG мақсаттарына жетуге арналған нақты қадамдарды қамтиды;
- «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ мүдделі тараптардың Картасы — тұрақты даму процесінде ескерілетін барлық мүдделі топтарды анықтайды;
Тұрақты даму орталығының рөлі
Осы бағыттағы үйлестіруші құрылым — Тұрақты даму орталығы. Оның басты мақсаты — университет қызметіне тұрақты даму қағидаттары мен ESG стандарттарын интеграциялау.
Тұрақты даму орталығы
Тұрақты даму орталығы университетте тұрақты даму қағидаттары мен ESG стандарттарын енгізуді үйлестіретін негізгі құрылымдық бөлімше болып табылады. Орталық білім беру, ғылыми зерттеулер, операциялық қызмет және қоғаммен өзара іс-қимыл бағыттарына тұрақты даму қағидаттарын енгізу арқылы университеттің стратегиялық дамуын қолдайды.
Орталықтың миссиясы – тұрақты дамуға кешенді көзқарасты қалыптастыру, халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз ету және Тұрақты даму мақсаттарына (SDGs) қол жеткізуге үлес қосу.
Негізгі қызмет бағыттары
- Тұрақты даму бойынша есептер дайындау, деректер жинау және талдамалық қолдау (ESG және халықаралық рейтингтерді қоса алғанда);
- Білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және әлеуметтік-экономикалық әрі экологиялық тұрақтылықты арттыруға бағытталған бастамаларды әзірлеу және іске асыру;
- Ұзақ мерзімді трендтер мен даму сценарийлерін айқындау үшін сараптамалық кездесулер ұйымдастыру;
- Тұрақты даму жөніндегі іс-қимыл жоспарының (2024–2026 жж.) іске асырылуын мониторингтеу және бағалау;
- Университет деңгейіндегі тұрақты даму жобаларын үйлестіру және құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
- Тұрақты даму саласындағы ішкі саясаттарды, әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулықтарды әзірлеу;
- Университет ішінде ESG мәселелері бойынша тиімді коммуникация мен ақпарат таратуды қамтамасыз ету.
Біздің команда
Орталық жетекшісі
Рахимова Несвеля Рахимовна
Тел.: +7 (7172) 709-500 (ішкі 31-350)
Email: rakhimova_nr@enu.kz
Бас маман
Бокова Бэлла Багаудиновна
Email: bokova_bb_2@enu.kz
Тел.: +7 (7172) 709-500 (ішкі 31-471)
Тұрақты даму мақсаттары

















