Студенттер үйі
Студенттік және қызметтік тұрғын үй департаментінде жоғары білікті кәсіби мамандар жұмыс істейді. Департамент студенттермен, олардың ата-аналарымен және деканаттармен әрдайым тығыз қарым-қатынаста қызмет атқарады, Дирекция өзінің барлық күш-жігерін студенттердің білім алуын неғұрлым нәтижелі және табысты етуге бағыттаған.
Тәрбиелеу процесінде рухани-адамгершілік мәдениетті кешенді жоспарлау, эстетикалық тұрғыдан дамыту және салауатты өмір салтын қолдау жүйесі қалыптасқан.
Педагогтар-ұйымдастырушылар әрдайым тренингтер өткізеді және студенттермен профилактикалық кеңес жұмыстарын жүргізеді. Іс-шараларды және басқа да ұйымдастыру мәселесіне қатысты жұмыстарды атқаруға студенттер кеңесінің белсенділері жәрдемдеседі және қолдау көрсетеді. Студенттер ізгі істермен қоса пайдалы жұмыс атқара отырып, өздері тұратын Студенттер үйінің өміріне белсенді араласады.
«Студенттік және қызметтік тұрғын үй департаменті» негізгі міндеттері мыналар:
Болашақ мамандардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының белсенді шығармашылық тұрғыда жоғары адамгершілік, дене тәрбиесі, зияткерлік, эстетикалық жағынан дамуын қамтамасыз ететін қажетті тұрмыстық жағдай жасау;
Студенттер үйінде тұратын ЕҰУ студенттерін рухани құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу, азаматтық сана-сезім нормаларын ұстанатын, шығармашыл, мәдениетті тұлға етіп қалыптастыру;
Студенттерді салауатты өмір салты ережелерін білуге баулу, студенттер үйлерінде тұратын студенттерге жоғары этикалық көзқарас қалыптастыру;
Департамент басшылығы негізгі коммуникативтік ережеден – студенттер үйінде тұрып жатқан барлық студенттерге мейірбандықпен қараудан туындайтын өзінің алдына қойылған міндеттерді жүзеге асырады.
Міндеттерді орындау мыналарға негізделеді:
Тәрбие процесін жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау;
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 8 студенттер үйі жұмыс істейді. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген университет студенттерінің жартысынан көбі студенттер үйлерінде тұрады, сондықтан студенттердің тұруы және оқуы үшін барлық тиісті жағдайдың жасалуы біз үшін аса маңызды.

