
Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ММХҚИ университетінің Қазақстан Республикасындағы филиалы Қазақстан тарапынан екіжақты экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз етуге арналған білікті кадрларды даярлау жөніндегі сұранысты, Ресей-Қазақстан Үкіметаралық комиссиясының білім және ғылым жөніндегі қосалқы комиссиясының шешімдерін және 2024 жылғы 15 қазанда ММХҚИ мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасындағы келісімді ескере отырып құрылуда.
Филиал - заманауи цифрлық және халықаралық, оның ішінде лингвистикалық құзыреттері жоғары сапалы білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ қолданбалы ғылыми сараптаманы жүзеге асыратын, жоғары технологиялық инфрақұрылымы мен тиімді қаржылық үлгісі бар білім беру ұйымы болып табылады.
Бакалавриат:
«Әлеуметтік-экономикалық және бизнес-процестерді талдау және модельдеу»
- Жылына: $7 200
- Толық курс үшін: $28 800
«Әлемдік минералдық-шикізат және энергетикалық нарықтар»
- Жылына: $7 200
- Толық курс үшін: $28 800
Магистратура:
«Қаржы экономикасы және қаржылық технологиялар»
- Жылына: $6 700
- Толық курс үшін: $13 400
«Көпжақты институттар және технологиялық дамуды жаһандық басқару»
- Жылына: $6 700
- Толық курс үшін: $13 400
Дүйсенбі – жұма: 9:00–18:00 (түскі үзіліс: 13:00–14:00)
Сенбі: 9:00–13:00
Астана қаласы, Сәтпаев көшесі, 2
Email: astana@inno.mgimo.ru
