
2026–2027 оқу жылына арналған Академиялық кеңестің жоспары бекітілді

Кеңестің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- 2026–2027 оқу жылына арналған Академиялық Кеңестің жұмыс жоспарын бекіту; Академиялық кеңес пен Академиялық комитет құрамы туралы бұйрықпен таныстыру.
- 2027 жылға арналған университеттің білім беру бағдарламаларын (қайта) аккредиттеу жоспарының жобасын қарау туралы.
- «Білім алушылардың пәндерді оқыту сапасына қанағаттану деңгейін бағалау» 2025-2026 оқу жылы (2-жартыжылдық) сауалнамасы бойынша есебі.
- 2026 жылғы қабылдау қорытындылары бойынша білім беру бағдарламаларына кешенді талдау нәтижелері (қабылдау нәтижелері, рентабельділігі төмен оқу топтары, түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіштері).
- Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен Нанкай университетінің магистратура деңгейіндегі бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың магистрлік диссертацияларын дайындау және рәсімдеу талаптарын бекіту туралы.
Кеңесте сондай-ақ Цифрлық ғылымдар және жасанды интеллект институтындағы «7М01124-Педагогикалық өлшеулер» және «8D01124-Педагогикалық өлшеулер» БББ Білім жоғары мектебіне ауыстыру туралы мәселесі қаралды.
Сонымен қатар, ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы хаты негізінде Тізілімнен алып тастауға жататын білім беру бағдарламалары туралы мәселе талқыланды.
