
ЕҰУ Стамбұлда Құрбанғали Халидұлының тарихи еңбегінің жаңа томдарын таныстырды

Түркия Республикасы Ыстамбул университетінің Фараби ғылыми-зерттеу орталығында өткен «Құрбанғали Халидтің еңбектері – Түркі дүниесінің мәдени мұрасы» атты халықаралық ғылыми конференцияда «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы әзірлеген «Тауарих-и хамса-и шарқи» («Шығыстың бес елінің тарихы») еңбегінің таныстырылымы жасалды.
Стамбұл университеті Фараби ғылыми-зерттеу орталығы мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы «Құрбанғали Халидтің еңбектері - Түркі дүниесінің мәдени мұрасы» атты халықаралық ғылыми конференция өткізді. Конференцияда Құрбанғали Халидұлының «Тауарих-и хамса-и шарқи» («Шығыстың бес елінің тарихы») еңбегінің бес кітаптан тұратын басылымының 3-5 томдары мен «Құрбанғали Халидұлы: дерек, тарих, таным» атты ғылыми жинақтың таныстырылымы жасалды.
Іс-шарада тарихшы, шоқайтанушы, профессор Әбдіуақаб Қара, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының директоры, т.ғ.д., профессор Данагүл Махат, Құрбанғали Халидұлының шөбересі Сафария Теңізбаева, ИРСИКА профессоры, т.ғ.д. Әшірбек Муминов, ЕҰУ-нің Халықаралық қатынастар факультеті Шығыстану кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Бибіхадиша Абжапарова, ЕҰУ-нің тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Құралай Сейітқазина түркиялық ғалым, профессор Ахмет Өстүнер, қолжазбатанушы, шығыстанушы Бауыржан Мұстафа т.б. ғалымдар мен докторанттар ғылыми баяндама жасады.
Басқосуда Құрбанғали Халидұлының жазба мұрасын сақтау, аудару және ғылыми айналымға енгізу мәселелері талқыланды.
