
ЕҰУ омбудсмені студенттердің құқықтарын қорғаудың жаңа амалдарын ұсынды

Студенттердің құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін дамыту, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастармен өзара әрекеттесудің заманауи құралдарын ендіру Астана Халықаралық университетінде өткізілген Студенттік омбудсмендер мектебі отырысының өзекті тақырыптары болды. Іс-шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің омбудсмені Нэля Шапекова қатысып, «Цифрлық этика және медиация: студенттік омбудсменнің жастардің құқықтарын қорғаудағы жаңа құралдары» баяндамасын ұсынды.
ЕҰУ-дың өкілі өз баяндамасында студенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы заманауи амалдардың өзектілігіне басты назар аударды. Цифрлық этикаға, конструктивті диалог мәдениетінің дамуына және білім беру ортасындағы даулы жағдайларды реттеудің тиімді құралы ретінде медиацияны қолдануға ерекше мән берілді. Отырысқа қатысушылар студенттік құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелерін, білім алушылардың құқықтары мен міндеттетерін реттейтін нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістерді, сондай-ақ жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру тетіктерін талқылады. Кездесудің практикалық бөлігі студенттік ортада туындайтын шынайы жағдайларды талдауға арналды: жатақханаларда тұру мәселелерінен бастап, академиялық дауларды шешуге дейін. Қатысушылар студенттердің ЖОО әкімшілігімен өзара әрекеттесудің және кері байланыс тәсілдерін жетілдірудің ықтимал алгоритмдерін қарастырды. Сондай-ақ қатысушылардың алдында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Жамаладен Ибрагимов сөз сөйледі. Ол студенттерге Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының құқықтық аспектілерін айтып берді.
Отырыс барысында Студенттік омбудсмендер мектебінің алдағы жүргізілетін жұмыстарын жоспарлауға ерекше назар аударылды. Басымдық берілген бағыттар қатарында сырттай қабылдаулар жүргізу, бірінші курс студенттері үшін интерактивті лекциялар және шеберлік кластарын ұйымдастыру, студенттік кеңестермен өзара әрекеттесуді дамыту және университеттегі білім алушылар мен әкімшілік арасындағы коммуникация арналарын жетілдіру анықталды.
«Студенттік омбудсмендер мектебі – бұл тек мәселелерді талқылау алаңы емес. Бұл әр студенттің өзін қорғалған және естілген ретінде сезінуіне көмектесетін шынайы құрал. Біздің міндетіміз – адал және ашық диалог құру», – дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.
Өткізілген отырыс қорытындысы бойынша алдағы уақытта жүргізілетін құқық қорғау жұмыстарының негізгі бағыттары айқындалып, студенттік кеңестің ағымдағы оқу жылында атқаратын қызметінің жол картасы қалыптастырылды. ЕҰУ өкілдерінің Студенттік омбудсмендер мектебінің жұмысына қатысуы кәсіби тәжірибемен бөлісуге, жастардың құқықтық мәдениетін дамытуға және білім алушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге ықпал етеді.
