
ЕҰУ кәсіподақ ұйымының өкілі Орал қаласында әйелдердің еңбек құқықтарын талқылауға қатысты

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының Әйелдер істері жөніндегі комиссиясының төрағасы Гүлмира Оспанова Орал қаласында өткен ««Кәсіподақ тәжірибесіндегі гендерлік теңдік және еңбек құқықтары» атты республикалық семинар-тренингке қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты - әйелдердің еңбек құқықтарын қорғау, қауіпсіз әрі лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, гендерлік теңдік қағидаттарын ілгерілету, ана мен баланы қолдау және кәсіподақ қозғалысындағы әйелдердің көшбасшылық рөлін арттыру мәселелерін талқылау.
Семинарға Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы Айгүл Мұқашева, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, Гендерлік комиссия төрағасы Гульнара Жумагельдиева, республикалық Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссияның төрағасы Индира Сақауова, сондай-ақ еңбек құқығы, кәсіподақ коммуникациясы және әйелдер көшбасшылығы саласындағы сарапшылар қатысты.
Аталған семинарға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының Әйелдер істері жөніндегі комиссиясының төрағасы Гүлмира Жаркенқызы Оспанова да қатысты.
Семинар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, еңбек саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Мұндай кездесулер әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктерін жетілдіруге, гендерлік теңдікті нығайтуға және кәсіподақ ұйымдарының жұмысын одан әрі дамытуға ықпал етеді.
