
«Каникулға кітаппен» марафоны қорытындыланды

«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Каникулға кітаппен» оқу марафоны қорытындыланды.
Жаз бойы өткен марафонның мақсаты – білім алушы оқырмандарды кітап оқуға ынталандыру, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру және жастар арасында тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыру.
Марафон 2026 жылдың 10-маусымы мен 31-тамызы аралығында өтті. Негізгі ережесі:
- Жазғы демалыс барысында 5-10 көркем әдебиет шығармасын оқу;
- Әр кітап бойынша қысқаша пікір және ең әсерлі цитатаны әлеуметтік желіде пост немесе бейнеролик ретінде жариялау.
Марапаттау рәсімінде Ғылыми кітапхана директоры Бақытжан Оразғалиев кітап оқу - адамның ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын тереңдететін маңызды рухани құндылық екенін атап өтті. Сондай-ақ, жастарды кітапты күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыруға шақырды.
Марафон қорытындысы бойынша ЕҰУ-дың 2-курс доктаранты Толғанай Насихатқызы «Үздік оқырман» атанды. Ал Гүлжамал, Серік, Айкыз Айсина, Ерасыл Рустемов және Мерей Умбетжанова белсенді қатысқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды.
