
ЕҰУ да бірінші курс магистранттарымен және докторанттарымен кездесу өтті

Еуразия ұлттық университетінде 2026-2027 оқу жылында оқуға түскен бірінші курс магистранттарымен және докторанттарымен дәстүрлі кездесулер өткізді. Іс-шаралар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастамасымен университеттің факультеттерімен, институттарымен және жоғары мектептерімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Іс-шараларды ашқан академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ардақ Бейсенбай соңғы бірнеше жылда докторанттар мен магистранттар контингенті өсіп келе жатқанын атап өтті. Кездесу барысында ғылыми жұмысты ұйымдастыру, ғылыми тақырыптың өзектілігі мен ғылыми жетекшілердің білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестілігін, диссертациялық зерттеулерді дайындау, ғылыми тағылымдамалар туралы мәліметтер, ғылыми жарияланымдар әзірлеу, ғылыми жобаларға қатысу мәселелері талқыланды.
Кездесуге Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Байжұман Қашхынбай, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің, Ғылыми әлеуетті дамыту басқармасының, Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің қызметкерлері қатысып, докторанттар мен магистранттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
