
ЕҰУ туризм кафедрасы «САЯХАТ-2026» Kazakhstan travel Forum-ға қатысты

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Туризм кафедрасы Астана қаласында өткен Kazakhstan Travel Forum «САЯХАТ 2026» форумына қатысты.
Кафедра атынан іс-шараға доцент м.а. Айдар Мұқанов, профессор м.а. Динара Салауатова және «Туризм» білім беру бағдарламасының білім алушылары қатысты.
Форумға қатысу оқытушылар мен білім алушыларға туризм саласының дамуындағы өзекті үрдістермен, заманауи туристік өнімдермен және нарық талаптарымен танысуға, кәсіби байланыстарды кеңейтуге және индустрия өкілдерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
«Форумға қатысу туристік индустрияның заманауи даму бағыттарымен танысуға, бизнес өкілдерімен байланыс орнатуға және білім беру мен саланың өзара іс-қимылының перспективаларын талқылауға жақсы мүмкіндік болды. Мұндай іс-шаралар нарықтың талаптарын жақсы түсінуге және оларды болашақ мамандарды даярлау барысында ескеруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Туризм кафедрасының профессоры м.а. Динара Салауатова.
Форумға қатысу «Туризм» білім беру бағдарламасының білім алушылары мен түлектері үшін де ерекше маңызды болды. Кафедра түлегіі, «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының менеджері Санжар Рахманов іс-шараның практикалық маңыздылығын атап өтті:
«Форум жаңа туристік өнімдермен және компаниялармен танысып қана қоймай, кәсіби даму мүмкіндіктерін көруге, пайдалы байланыстар орнатуға және саладағы өзгерістерден хабардар болуға мүмкіндік береді».
Кафедраның Kazakhstan Travel Forum-ға қатысуы кадрларды практикаға бағыттап даярлауды дамытуға, туристік бизнеспен ынтымақтастықты нығайтуға, студенттердің практикасы мен тағылымдамаларын ұйымдастыруға және индустрия өкілдерімен бірлескен жобаларды іске асыруға ықпал етеді.
