
Ақылы негізде білім алатын бакалавриат студенттері оқу ақысына жеңілдік ала алады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 1–25 қыркүйек аралығында ақылы негізде білім алатын бакалавриат студенттерінен оқу ақысына жеңілдік беру туралы өтініштерді қабылдайды. Жеңілдік бір оқу жылына және тек бір санат бойынша беріледі.
10% жеңілдік беріледі:
республикалық олимпиадалардың, ғылыми және шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздарына;
ғылыми жұмыстардың авторларына;
оқу үлгерімі жоғары студенттерге: A, A-, B+, B, B-;
Университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын студенттерге.
15% жеңілдік беріледі:
- аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге;
- бір отбасынан болып, Университетте бір мезгілде ақылы негізде білім алатын балаларға;
- Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысушылардың балаларына.
20% жеңілдікті мына санаттағы студенттер ала алады:
халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары;
интернаттар мен балалар үйлерінің түлектері;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қамқоршылықтағы студенттер;
Университетте кемінде 5 жыл үздіксіз еңбек өтілі бар қызметкерлердің балалары.
30% оқу ақысына жеңілдік беріледі:
мүгедектігі бар студенттерге.
Толық ақпаратты сілтеме арқылы https://enu.kz/ru/page/for-students/study-benefits алуға болады.
