
ЕҰУ US News Best Global Universities 2026–2027 рейтингі бойынша «Физика» бағыты бойынша Қазақстанның үздік университеті деп танылды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті US News Best Global Universities 2026–2027 рейтингі бойынша «Физика» бағыты бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары арасында үздік нәтиже көрсетті.
Әлемдегі ең беделді академиялық рейтингтердің бірі – US News Best Global Universities 2026–2027 нәтижелері жарияланды. Онда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ келесі бағыттар бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді:
«Физика» - ЕҰУ қазақстандық жоғары оқу орындары арасында бірінші орынға ие болып, жетекші ғылыми мектеп мәртебесін тағы бір мәрте растады.
«Материалтану» - университет әлемдік рейтингте 802-орынға жайғасып, қолданбалы зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістіктегі өзектілігі мен сұранысқа ие екенін дәлелдеді.
Халықаралық ғылыми ынтымақтастықтағы көшбасшылық – жыл сайын беделді ғылыми журналдарда жарияланып, халықаралық ғылыми қауымдастық тарапынан дәйексөзделетін және әлемдік ғылыми орталықтармен тығыз байланыста жұмыс істейтін ғалымдарымыз бен зерттеушілеріміздің, сондай-ақ басқа рейтингтік агенттіктер тарапынан жоғары бағаланатын интернационалдандыру стратегиямыздың нәтижесі.
Бұл жетістік «ENU Global Research» стратегиясының тиімділігін және халықаралық серіктестіктер арқылы әлемдік ғылыми қауымдастыққа ықпалдасуға деген ұмтылысымызды айқын көрсетеді.
