
ЕҰУ-да оқу-әдістемелік кеңестің қорытынды отырысы өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ардақ Бейсенбайдың төрағалығымен Оқу-әдістемелік кеңестің қорытынды отырысы өтті.
Жоғары оқу орнының білім беру қызметінің өзекті мәселелері кең ауқымы талқыланды, оның ішінде:
- Студенттік клубтардың soft skills-ті кәсіби бағдарлау мен қалыптастырудағы рөлі («Сапа» студенттік клубының мысалында);
- 2026 жылғы қабылдау үшін арнаулы және шығармашылық емтихандар бағдарламаларын бекіту туралы, 2026-2027 оқу жылына арналған «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша арнайы емтихан және шығармашылық (бакалавриат, магистратура) білім беру бағдарламалар топтары бойынша түсу емтихан бағдарламаларын, билеттерін бекіту, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ КеАҚ оқуға түсетін шетел азаматтарымен әңгімелесу өткізу бағдарламасын бекіту;
- «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Оқу-әдістемелік Кеңесінің 2025-2026 жылдарға арналған шешімдерінің орындалуы туралы қысқаша есебі;
- Идеядан бастап жаппай ашық онлайн-курсқа дейін: білім беру үдерісіндегі виртуалды студияның рөлі;
- Университет ПОҚ ОӘӘ Ғылыми кеңесте басылымға ұсыну үшін қарастыру;
- Кәсіпорындар базасында кафедра филиалдарын ашу.
Барлық мәселелер бойынша жан - жақты баяндамалар жасалды. Оқу-әдістемелік кеңестің қазіргі мүшелері ұсынылған тақырыптарды қызу талқылап, пікір алмасып, ұсыныстар айтылды.
Талқыланған мәселелердің қорытындысы бойынша шешімдер қабылданып, жауапты тұлғалар мен мерзімдер белгіленді.
Отырыс соңында оқу-әдістемелік кеңестің төрағасы, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ардақ Бейсенбай негізгі бағыттарды айқындап, университеттің білім беру қызметін жүйелі түрде жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.
