
ЕҰУ студенттері республикалық олимпиадада қола жүлдеге ие болды









Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің көлік-энергетика факультетінің «Стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері XVIII республикалық пәндік студенттік олимпиадада 3-орынды иеленді.
Байқау С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің базасында өтіп, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының үздік студенттерін жинады.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды: теориялық тестілеу және кешенді ситуациялық әрі практикалық тапсырмаларды шешу. Қатысушылар терең білімдерін ғана емес, оны кәсіби қызметте тиімді қолдана білетіндерін де көрсетті.
ЕҰУ командасы барлық тапсырмаларды сәтті орындап, техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласындағы жоғары дайындық деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді.
Студенттер мен ғылыми жетекшіні лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа табыстар тілейміз!
