
ЕҰУ-да «Шығыстану» бағыты бойынша XVIII Республикалық студенттік олимпиаданың қорытындылары шығарылды









Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында «6В02209 – Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша (арабистика және қытайтану секциялары) XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды студенттерді анықтау және қолдау, олардың ғылыми әлеуетін дамыту, зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру, сондай-ақ жастарды заманауи ғылыми мәселелерді шешуге тарту.
Олимпиадаға үш жоғары оқу орнының өкілдері қатысты:
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
- Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Байқау комиссиясының қорытындысы бойынша екінші кезеңнің жеңімпаздары анықталды.
Арабистика секциясы:
I орын – Нурасыл Сейлканов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Тулеубаева Самал - ф.ғ.д., профессор м.а.).
II орын – Аяулым Қайратова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Тулеубаева Самал - ф.ғ.д., профессор м.а.), Аруна Марат, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (жетекші: Мамедова Фатима - ф.ғ.к., доцент м.а.);
III орын – Асия Аманхан, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Тулеубаева Самал - ф.ғ.д., профессор м.а.), Айсулу Назимбек, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Ильясова Зибагуль - т.ғ.к., профессор), Айсулу Абдрахман, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (жетекші: Хаван Айдынгуль, аға оқытушы).
Алғыс хат – Алимурат Киманов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Ильясова Зибагуль - т.ғ.к., профессор);
Қытайтану секциясы:
I орын - Даяна Алимханова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Биримкулова Гулнара - PhD докторы, доцент м.а.).
II орын - Фатима Қуаныш, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, (жетекші: к.ф.н., профессор Толқын Қалибекұлы), Айхан Ғазиз, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Шалдарбекова А.. - PhD, аға оқытушы);
III орын - Арайлым Еркинова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Биримкулова Гулнара - PhD докторы, доцент м.а.), Диляра Картбай, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Тұрысбек Ажар - магистр, оқытушы), Нұрғиса Нұрбекұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (жетекші: Оразақынқызы Фарида - PhD докторы, доцент).
Алғыс хаттар - Ажар Әбікен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Елубай Анаргүл - магистр, оқытушы), Аружан Сабит, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Тұрысбек Ажар - магистр, оқытушы).
Жеңімпаздар университеттің дипломдары және алғыс хаттарымен марапатталды.
Қазылар алқасының құрамына Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы Ислам институты мен ЕНУ жанындағы Конфуций институты сарапшылары кірді.
