
ЕҰУ-да денсаулықты нығайту және психикалық саулық мәселелері бойынша қонақ дәріс өтті
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
10.04.2026 54





Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Омбудсмен Нэли Шапекованың бастамасымен «О. Торсунов әдістемесі бойынша психикалық (нәзік) денені тазарту» тақырыбына арналған кезекті қонақ дәріс өтті.
Курс аясындағы алғашқы дәріс денсаулықты нығайту жүйесімен таныстыруға және негізгі ұғымдарды қарастыруға бағытталды. Атап айтқанда, адамның өмірлік мақсаттары (денсаулық, бақыт, білім), психикалық дене туралы түсінік, сондай-ақ денсаулыққа әсер ететін факторлар, соның ішінде стресс пен шамадан тыс жүктеме қарастырылды.
Дәріскер ретінде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің аға оқытушысы Юзан Тайбергенов қатысты. Ол йога, марафон спорты және аталған әдістемені зерттеу саласында тәжірибеге ие.
Бөлісу:
