
ЕҰУ ғалымдары мемлекеттік наградалармен марапатталды

12 сәуір - Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бір топ ғалымы мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Атап айтқанда, университеттің аға ғылыми қызметкері Дарын Бөргеков, профессор Елбек Утепов және оқытушы-зерттеуші Дмитрий Шлимас «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
Сонымен қатар, «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы аға ғылыми қызметкер Қайрат Қадыржановқа берілді.
Ғылым саласындағы ірі жетістіктері мен жоғары білімді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін профессор Күләш Дүйсекова «Парасат» орденімен марапатталды.
Мемлекеттік наградалар отандық ғылымды дамытуға және білім беру саласын жетілдіруге елеулі үлес қосқан ғалымдардың еңбегін жоғары бағалаудың айқын көрінісі.
Марапат құтты болсын!
