
Қаржы орталығы университет ұжымына алғыс білдірді





«Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған түлектерді жұмысқа бөлу процесін цифрлық форматқа көшіру және оны жүйелі түрде тиімді іске асыру арқылы үдерістерді дамытуға қосқан үлесі үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті КеАҚ-ның Карьера және бизнес-әріптестік бөліміне алғыс білдірді.
Университет цифрлық трансформацияны жүзеге асыру аясында Қазақстанда жас мамандарды дербес жұмысқа бөлу процесін цифрландыру бағытында озық тәжірибе қалыптастырған алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Аталған бастама ашықтық қағидаттарын сақтау, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу, сондай-ақ түлектерді жұмысқа бөлу және олардың міндеттемелерін орындауын мониторингілеу жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
«Қаржы орталығы» АҚ университет ұжымының атқарған жұмысына жоғары баға беріп, білім беру жүйесін жетілдіру жолындағы тиімді әріптестік үшін ризашылығын білдірді.
