
Электромагниттік толқындардың заңдылықтары туралы физик-ғалым айтты

ЕҰУ физика-техникалық факультетінде өткізілген ғылыми семинарда техникалық физика кафедрасының профессоры, ф.-м.ғ.д. Садритен Тілеукенов «Анизотроп орталардың шектік бетінде электроамагниттік толқындардың шағылу және сыну эффектілері» тақырыбында баяндама жасады.
С. Тлеукенов электрлік және магниттік анизотропты орталардағы электромагниттік толқындық құбылыстардың заңдылықтарын ашып көрсетіп, ТЕ және ТМ поляризациялы толқындардың әртүрлі симметриялы кристаллдық құрылымдарда таралу ерекшеліктерін көрсетті.
Семинарға университеттің оқытушы-профессорлық құрамы, жас ғалымдар, магистранттар мен студенттер қатысып, әртүрлі сұрақтар қойып, өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.
Сонымен қатар, кездесуде «Интеллектуальные системы и сети» ЖШС директоры, т.ғ.д. Аскарбек Садыков және «PolyCard» компаниясының директоры Мархабат Қожан да қатысты.
Т.ғ.д. А.Садықовтың телекоммуникация және радиоэлектроника саласында біршама ғылыми еңбектері мен жобалары бар. Ал «PolyCard» компаниясы Қазақстанда радиожиіліктік анықтау жүйесінің қолданылуын жүзеге асыратын, пластикалық карталарды шығарушы мекеме болып табылады.
Баяндама тақырыбын талқылау барысында бизнес және ғылым өкілдері өзара тәжірибелер мен ұсыныстар алмасып, келіссөздер жүргізді, бұл болашақта профессордың ғылыми-зерттеу нәтижелерін өнеркәсіптің әртүрлі салаларында және өндірісте қолдану мүмкіндігін ашуы мүмкін.