
ФИТ-те «ENU CyberSec» студенттік клубы ашылды
«Ақпараттық технологиялар» факультетінде «ENU CyberSec» атты ақпараттық қауіпсіздік бағыты бойынша студенттік клубтың салтанатты ашылуы өтті. Клуб Л ЕҰУ-нің Ғылыми кітапханасымен бірлесіп және «CERBER-IB» компаниясының қолдауымен құрылған.
Клуб жетекшісі - Жандос Боранбай, ақпараттық қауіпсіздік бойынша сарапшы, «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының практик- оқытушысы.
Салтанатты іс-шара «Ақпараттық технологиялар» факультетінің академиялық мәселелер жөніндегі декан орынбасары Жанар Ахметованың құттықтау сөзінен басталды. Өзінің алғы сөзінде барлық қатысушыларды жаңа клубтың ашылуымен құттықтап, осы клубтың құрылуына ат салысқан құрметті қонақтарға алғысын білдірді.
«ENU CyberSec» клубының ресми ашылу салтанатының қонақтары: "TSARKA" компаниясының негізін қалаушы Олжас Сатиев, «CERBER-IB» компаниясының негізін қалаушы Дінмұхамед Құрбанходжаев және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Ғылыми кітапханасының бөлім бастығы Айнагүл Айтуарова болды.
Клуб жетекшісі Жандос Боранбай өз сөзінде «ENU CyberSec» студенттік клубын құру мақсатымен таныстырып, клубтың болашақ жоспарымен бөлісті.
Осы іс-шара аясында «CERBER-IB» компаниясының демеушілігімен
100 000 теңгеге дейінгі жүлделік қоры бар CTF-жарысы ұйымдастырылды.
«ENU CyberSec» клубына сәттілік пен өркендеу, талантты студенттер және республикалық және халықаралық ареналарда ақпараттық қауіпсіздік бойынша жарыстарда көптеген жеңістер тілейміз.