ЕҰУ Ресей жоғары оқу орындарының Эндаумент қорларының тәжірибесін зерттеді
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің делегациясы Эндаумент қорларын құрудағы және әріптестік қатынастарды дамытудағы тәжірибелерін зерделеу мақсатында Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында болып қайтты.
Осы сапар барысында әртүрлі мекемелермен келіссөздер, таныстырылымдар және тәжірибе алмасу өткізілді.
ЕҰУ делегациясының алғашқы кездесуі Ресейдегі ең сұранысқа ие және дамып келе жатқан жоғары оқу орындарының бірі Экономика жоғары мектебінде (ЭЖМ ҒЗУ) өтті. Бүгінгі таңда Экономика жоғары мектебінің факультеттерінде 50 000-нан астам студент оқиды.
ЭЖМ Ғылыми зерттеу университетінің проректоры және ЭЖМ Эндаумент қорының директоры Владимир Самойленкомен әртүрлі аспектілер, соның ішінде ЭЖМ Эндаумент қоры мен маркетинг тәжірибесі талқыланды. Сонымен қатар, делегация қатысушылары Экономика жоғары мектебінің инфрақұрылымы және жетістіктерімен танысты.
2019 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан Ресейдің Эндаумент қорлары қауымдастығымен келесі кездесу барысында ықтимал бірлескен жобалар мен байланыс нүктелерін іздеу мақсатында ЕҰУ Эндаумент қорының (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) тұсаукесері өткізілді.
Сондай-ақ Қаржы нарығы кеңесімен кездесу өткізіліп, онда 2023-2024 оқу жылына ЕҰУ студенттеріне ЕҰУ-дың Эндаумент қоры арқылы шәкіртақы беру туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл шешім Эндаумент қорларының маңыздылығын және олардың студенттер мен білім беру бағдарламаларын қолдаудағы рөлін көрсетеді. Қаржы нарығы кеңесімен кездесу барысында Эндаументтерді басқаруға және ресурстарды тартуға байланысты ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың перспективалық бағыттары талқыланды.
Осы кездесулер мен тәжірибе алмасулардың барлығы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Экономика жоғары мектебі Ұлттық зерттеу университеті, Ресейлік қорлар қауымдастығы және Қаржы нарығы кеңесі арасындағы әріптестік қарым-қатынасты дамытудағы маңызды қадам болды. Мұндай ынтымақтастық университетке Эндаумент қорлары мен маркетинг саласындағы білімі мен тәжірибесін кеңейтуге, сондай-ақ білім беру бағдарламалары мен студенттерді қолдау үшін ресурстарды тарту мен басқару жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.