ЕҰУ-де шығыстану олимпиада өтті
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «6В02209 – «Шығыстану» білім беру бағдарламасы арабтану және қытайтану секциясы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Шығыстану» пәнінен XVI Республикалық пәндік олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, ең дарынды студенттерді іріктеу және қолдау, студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу, студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге тарту, ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту.
Олимпиадаға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен бөлек, Қазақстан Республикасының 2 жоғары оқу орны қатысты: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті».
Конкурстық комиссия нәтижесінің қорытындысы бойынша II тур олимпиадасының арабтану секциясы бойынша келесі жеңімпаздары анықталды:
Алғыс хат - Жетен Ақерке Нұрмұхаметқызы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (жетекші: Жанәділ Нұрбол - магистр, аға оқытушы);
Алғыс хат - Балхашбеков Аңсар, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Әлібекұлы Ақжігіт - фил.ғ.к., доцент м.а.);
Алғыс хат - Кеңесова Айкен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Әлібекұлы Ақжігіт - фил.ғ.к., доцент м.а.);
III орын - Абдреимова Алина Алиасқарқызы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (жетекші: Жанәділ Нұрбол - магистр, аға оқытушы);
III орын – Сәуірбай Гүлфайруз Асқарқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (жетекші: Жұмажанова Фарида Тоқанқызы - фил.ғ.к., доцент м.а.);
III орын - Марат Еркебұлан, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Әлібекұлы Ақжігіт - фил.ғ.к., доцент м.а.)
II орын - Әбдіманап Дәулет, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Әлібекұлы Ақжігіт - фил.ғ.к., доцент м.а.)
II орын - Тағыбай Айсауле Бауыржанқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (жетекші: Мамедова Фатима Зильпикаровна - фил.ғ.к., доцент м.а.);
I орын - Кенбеил Алмас, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Әлібекұлы Ақжігіт - фил.ғ.к., доцент м.а.).
Конкурстық комиссия нәтижесінің қорытындысы бойынша II тур олимпиадасының қытайтану секциясы бойынша келесі жеңімпаздары анықталды:
Алғыс хат - Бахытжанова Аружан, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Исаев Әбілхан Үкібайұлы - PhD докторы, доцент м.а.);
III орын - Кайридинова Камила, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Биримкулова Гулнара Усербаевна - PhD докторы, доцент м.а.).
III орын – Мырзахмет Жанелия, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Исаев Әбілхан Үкібайұлы - PhD докторы, доцент м.а.);
III орын - Әбдісейіт Қазына, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Биримкулова Гулнара Усербаевна - PhD докторы, доцент м.а.);
II орын - Ауған Нұржазира, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (жетекші: Бисенбаева Әсел Пазылбекқызы - магистр, аға оқытушы);
II орын - Баизова Лейла Азретовна, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (жетекші: Жанәділ Нұрбол - магистр, аға оқытушы);
I орын - Айтбай Назлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Биримкулова Гулнара Усербаевна - PhD докторы, доцент м.а.).
6В02209 – «Шығыстану» білім беру бағдарламасы арабтану және қытайтану секциясы бойынша XVІ республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары менЛ.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломдары және Алғыс хаттармен марапатталды.